Expert Hub Kazakhstan бағдарламасы денсаулық сақтау және медицина саласындағы отандық сарапшыларды қолдауға, сондай-ақ қазақстандықтардың денсаулық сақтау мәселелері бойынша сапалы, объективті және уақтылы ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға бағытталған.
COVID-19 пандемиясы кезінде жалған ақпарат көбейді, өкінішке қарай, бұл отандастарымыздың денсаулығына кері әсерін тигізді. Медицина, денсаулық сақтау және қоғаммен байланыс саласындағы мамандардың бастамашыл тобының арқасында жалған ақпараттың біраз бөлігінің таралып кетуіне жол берілмеді. Біздің жоба кәсіби мамандар мен қоғамның күш-жігерін біріктіруге және азаматтық қоғам мен азаматтарымыздың денсаулығын нығайтуға бағытталған.