Skip links

Сарапшы-қатысушылар үшін

Experts Hub Kazakhstan бағдарламасы өз жұмысын бастады

10 қарашада Experts Hub Kazakhstan бағдарламасы ресми түрде ашылды.

Ресми түрде бағдарламаны Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Х. Мозер мырза ашты.

Ұйымдастырушылар Бағдарламаға қатысу бойынша біліктілікке 100 өтінім қабылдаған. Experts Hub Kazakhstan Консультативті кеңесі алқалы шешім негізінде қатысушылардың конкурстық іріктеуін өткізген. Іріктеуден денсаулық сақтау, медицина мен биология ғылымдары саласындағы 50 маман мен сарапшы өтті. Жобаның сарапшылары бұқаралық ақпарат құралдарымен тиісті өзара қарым-қатынас орнату, PR негіздері мен әлеуметтік желілердегі жұмыс бойынша тренингтер топтамасынан өтеді, сондай-ақ олар өздерінің зерттеулері туралы айқын әрі ұғынықты түрде айтып беруді және жалпақ жұртқа ғылыми жаңалықтардың қыр-сырын түсіндіріп беруді үйренеді.

doctor_covid19

Бұл бағдарламаға кімге қатысуға болады?

  • 25 жасқа толған Қазақстан азаматы
  • медициналық білімі бар маман немесе биология ғылымдарының ғалымы
research

Бағдарламаға қатысу сізге не береді?

  • медиа кеңістіктегі жұмыс бойынша сапалы дайындықтан өтесіз: әлеуметтік желілерде жұмыс істеу дағдылары мен жеке брендіңізді қалыптастыру, БАҚ-пен байланыс орнату, көпшілік алдында сөйлей білу дағдыларын дамыту;
  • өзіңіздің жеке брендіңізді дамыту және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатуға жолында еліміздегі ең мықты байланыс агенттіктерінің бірінен қолдау табасыз;
  • өзіңіздің жеке медиа жобаңызды жасау мүмкіндігі мен агенттік қолдауын табасыз;
  • таңдап алынған мамандар қауымдастығының бөлігі боласыз, әртүрлі аймақтағы әріптестеріңізбен танысасыз;
  • тілшілер сіз туралы жақсы білетін болады және сіздің аузыңыздан шыққан ақпараттардан дәйексөз келтіретін болады;
  • халықтың медицина және вирусология саласына қатысты сауатын арттыруға айтарлықтай үлес қоса аласыз;
  • тілшілердің көкейкесті сұрақтарына жауап алуға көмектесесіз және ең бастысы – сіздің пікіріңізге құлақ асатын болады;
  • Сіз мәлімет айта отырып, тұрғындарға жаппай таратылып жатқан негізсіз жаңалықтарға тосқауыл бола аласыз.
experts

Қатысуға өтінім беру

Құрметті сарапшылар!

Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталды. 100-ден астам өтінім қабылданды.

Жобаға қатысу конкурстық негізде жүргізіледі; біз талаптар негізінде 50 сарапшыны таңдап аламыз.

Іріктеу нәтижелері кейінірек осында жарияланады.

Сарапшы-қатысушыларға арналған сұрақ-жауаптар

  • 25 жасқа толған ҚР азаматы болу
  • Медициналық білімі бар маман немесе биология ғылымдарының ғалымы болу керек

Сондай-ақ, өзіңізді таныстыратын видео жіберу керек. Видеоның ұзақтығы 1 минуттан аспауы керек. Онда сіз туралы, жұмыс тәжірибеңіз және кәсіби жетістіктеріңіз туралы қысқаша ақпарат айтылуы керек. Видеоны анкетадағы тиісті бөлімге жүктеуге болады немесе media@expertshub.kz. поштасына жолдаңыз.

Өтінім қабылдауды аяқтау мерзімі: 29.10.2020 ж-ға дейін.

Бағдарламаға қатысушыларды ұйымдастырушылар іріктеп алады.

Барлық тренинг онлайн форматты болады.

Қосымша ақпарат алу үшін Бағдарлама менеджері Айгерім Бекеноваға media@expertshub.kz электрондық поштасы арқылы немесе +7 701 526 30 50 байланыс нөмірі арқылы хабарласуға болады.